Алматы қаласында жекеменшік балабақшалардың бірінің қызметкері полицияға бопсалау фактісі бойынша жүгінген,- деп хабарлайды Педагог-KZ polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, балабақша тәрбиеленушілерінің бірінің әкесі педагогтың әрекетіне көңілі толмай, ол туралы жалған ақпарат тарататынын айтып, одан 20 миллион теңге талап еткен.
Оқиға бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері дереу шара қолданып, жәбірленушіге арызды заң талаптарына сай рәсімдеуге көмек көрсетіп, қажетті дәлелдемелерді жинаған.
Нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүруде.