Он саусағынан өнер тамған шебер Нұржан Балов ұлттық өнерді жаңғыртса, екінші жағынан тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып отыр, - деп хабарлайды Педагог-KZ ұлттық арнаға сілтеме жасап.
Ол Арал ауданындағы №71 орта мектепте жұмыс істейді. 15 жылдық өтілі бар білікті ұстаз қолда бар құралдармен түрлі бұйымдар жасап, оқушыларды еңбекке баулып келеді.
Шебер зергерлік бұйымдарды жасауға шекіме әдісін қолданады. Яғни, жұқа қаңылтырдың бетіне қазақтың ұлттық ою өрнегін бейнелеп, ерекше дүние жасап шығарады.