Сайт бойынша іздеу

Ғани Бейсембаев: магистр дәрежесі бар мұғалімдердің саны рекордтық деңгейге жетті

Бөлісу:
sXypuuMQVE.jpg

26 ақпан күні ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерімен кездесті. Бұл туралы oimaqnews сайтына сілтеме жасап Педагог - KZ хабарлайды.

Министр өз сөзінде педагогикалық мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік гранттардың жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, биыл 48 мыңға жуық түлек педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын тәмамдағанын айта келе педагогтердің сапасына да тоқталды.

Министрдің айтуынша, соңғы жылдары зерттеу жұмыстарымен айналысатын педагогтердің үлесі 1,6 есеге өсіп, магистр дәрежесі бар мұғалімдердің саны рекордтық 27,9 мыңға жеткен.