2020 жылдан бастап педагогтардың айлық еңбек ақысы жыл сайын 25% өсіп отырды. Жалпы өсіммен қатар біліктілік санатына қосылатын өтемақы 30–50% артты. Осылайша 2023 жылдға қарай мұғалімдердің еңбекақысы 2 есеге өсті. Ал 2025 жылы педагогтардың айлық ақысы қалай өзгереді?
Одан кейінгі жылдары, оның ішінде 2025 жылы педагогтардың айлық ақысы сол деңгейде қалды. Дегенмен кейбір қосымша төлемдер АЭК (МРП) көлеміне қатысты өзгереді. Бұл туралы Педагог - KZ nur.kz cілтеме жасап хабарлайды.
Жалпы Ұлттық статистика бюросының 2024 жылдың 3-тоқсанындағы есебіне сай білім саласы қызмткерлерінің орташа айлық ақысы — 271 982 тенге.
Ашық көздер ауылдық және қалалық педагогтардың айлық ақысы туралды мәліметтер келтірген. Мысалы, 25 жылдай еңбек өтілі бар, жоғары санатты, сынып жетекшілігі мен дәптер тексеру үшін алатын қосымша төлемі бар ауыл мұғалімі айына 470 мың тг, ал қала мұғалімі 380 мың теңге алады. Ал, еңбек өтілі аз және орташа біліктілік санаты бар ауыл мұғаліміның айлық ақысы 220 мың тг, қала мұғалімінің айлық ақысы 180 мың теңге,-деп жазды nur.kz