Оқу-ағарту министрлігі «Қазақстандағы білім статистикасы» ұлттық жинағын жариялады. Онда орта білім беру жүйесі бойынша өткен жылға өзекті толық статистикалық мәлімет қамтылған-деп хабарлайды Педагог-KZ
Мәліметке сәйкес, қазақстанда 3024 педагог-шебер жұмыс істейді, бұл жалпы педагогтар санының 0,8%-ын құрайды.(ЖАО ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер).
Педагог-шеберлердің ең көбі Астана мен Жамбыл облысында тіркелген. Астана педагогтарының 1,8%-ы немесе 257 мұғалім, Жамбыл облысы педагогтарының 1,6%-ы немесе 440 мұғалім педагог-шебер санатында. Сондай-ақ, педагог-шеберлер үлесі бойынша Алматы қаласы мен Атырау және Түркістан облыстары да алдыңғы орында. Бұл аймақтағы педагогтардың 1,6%-ы педагог-шебер санатына ие.