Қазақстан жоғары білімнің таралу деңгейі жөнінен ТМД елдері арасында алғашқы орынға шықты. Әрбір төртінші қазақстандықтың жоғары білімі бар, деп хабарлайды Педагог-KZ.
ТМД елдері Статистика комитеті 2019–2024 жылдары жүргізілген халық санағы науқан ының нәтижелеріне талдау жасаған.
Осылайша, жас ерекшеліктері бойынша қарастырғанда, Қазақстан 40–49 жас аралығындағы азаматтар арасында жоғары білімді тұрғындардың үлесі бойынша көш бастап тұр. Бұл жастағы әр мың адамның 356-сы ның жоғары білім і бар. Өзге жас санаттарында үздік көрсеткіштер Ресейге (30–39 жас арасында – 396 адам) және Беларус ь (20–29 жас арасында – 373 адам) тиесілі.
Жас топтары бойынша ең төменгі көрсеткіштер Түрікменстан мен Тәжікстанда байқалады.
Жалпы алғанда, статистикаға сәйкес, 15 жастан асқан әр 1 мың қазақстандықтың 276-сы, яғни әр төртінші азамат, жоғары оқу орнын тәмамдаған. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан бірінші орында. Екінші орынға 267 адам көрсеткішімен Ресей, үшінші орынға 266 адаммен Беларусь орналасқан.
Ең төменгі нәтижелер Тәжікстанда (72 адам) және Түрікменстанда (81 адам) тіркелген.