Оқу-ағарту министрлігі Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры лауазымына конкурс жариялады,-деп хабарлайды Педагог-KZ
Айта кету керек, аталған орталық 1997 жылы Сара Назарбаеваның бастамасымен құрылған. Орталықты өткен жылы министрлік қайта құрылымдаудан өткізді.
Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығын бұған дейін Гүлнар Қасенова басқарды. Мекеме мектепке дейінгі тәрбие, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру саласында жұмыс істейді. Жаңа бас директор лауазымына тағайындалатын лауазымға келесідей талаптар қойлады.
- Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Саладағы басшылық қызметте кемі 5 жыл тәжірибе
Құжат қабылдау 25 шілдеге дейін жалғасады, байланыс нөмірі: 8 (7172) 74 24 19
Конкурс өтетін уақыты мен орны кейінірек хабарланады,-делінген министрлік таратқан ақпаратта.