Сайт бойынша іздеу

Оқушылар қандай жағдайда аралық аттестациядан босатылады?

Бөлісу:
4d3lmFiz16.jpg

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің ережесіне өзгеріс енгізді.

Атап айтқанда, 5 (6) – 8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық  аттестаттаудан білім беру ұйымдары басшыларының бұйрықтарымен мынадай жағдайларда босатылады:

 1) денсаулық жағдайы бойынша;

2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

 3) жақын туыстарының қайтыс болуы.

Ал қорытынды аттестаттаудан 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары мынадай жағдайларда босатылады:

1) денсаулық жағдайына байланысты;

) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

3) халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер болып табылатын жазғы оқужаттығу жиындарына қатысушылар;

 4) жақын туыстарының қайтыс болуы