Сайт бойынша іздеу

Педагог пен ата-ана түзелмей, мектептегі бала тәрбиесі түзелмейді – Ғани Бейсембаев

Бөлісу:
EjdBBGlwM2.jpg

Педагог пен ата-ана түзелмей, мектептегі бала тәрбиесі түзелмейді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының әлеуметтік ықпалы мен маңызы» атты дөңгелек үстелде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, - деп хабарлайды Педагог-KZ.

Мемлекет басышысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында екі жылдан бері жүзеге асып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асу барысы мен бұл бағыттағы Халықаралық тәжрибе сөз болған жиында министр бағдарламаның үш негізгі тірегін атады.

«Тәрбие дегеніміз мінез, ал оның үш тірегі ата-бабаларымыз айтып кеткен: ар-ождан, ұят және намыс. Мен мектептерді аралағанда «ұлттық құндылықтарымыз қайда, қалай орындалып жатыр?» дегенде, өкінішке қарай, көп жағдайда ұлттық құндылықтарды тек материалдық дүниелермен шатастырып жатады. Мысалы, күй тарту, домбыра, ою-өрнек — бұл материалдық құндылықтар. Ал адал, азаматты қалыптастыратын құндылықтар дегеніміз: үлкенге құрмет, кішіге ізет», - деді министр.

 

 

Мектептегі тәрбие түзелуі үшін ең алдымен педагог пен ата-ана түзелуі керек, себебі ұрпақ үлкендердің айнасы дегенді айтты.

Сондықтан да, баланың қандай болуын қалайтын ата-ана мен ұстаз ең алдымен өз бойындағы қасиеттерді қайта қарап, өзін тәрбиелеуі керек, - деді министр.

Айта кету керек, дөңгелек үстел министрлік пен «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті. Онда құндылықтарға негізделген бағдарламалардың халықаралық тәжрибесі талқыланды. Жиынға Ұлыбританияның Бирмингем университетінің профессоры Том Харрисон, Сингапур ұлттық білім институтының қарасты орталық директоры Лиао Шао Цзюнь қатысты.