ШҚО Білім басқармасының жаңа басшысы болып Қуат Оқасов тағайындалды,- деп хабарлайды Педагог-KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.
Қуат Оқасов 1969 жылы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ кентінде дүниеге келген.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Дүниежүзі тарихы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1986 жылы Қызыл Алтай совхозында бастады. Әскер қатарында қызмет еткеннен кейін әртүрлі салада еңбек етіп, 1997 жылдан бастап білім беру жүйесіне араласты. А.Пушкин және М.Ломоносов атындағы мектептерде ұстаздық қызмет атқарып, кейін мектеп директоры болды.
2010 жылдан бастап Ұлан ауданындағы білім саласында басшылық қызметтер атқарып, 2011–2021 жылдары аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарды.
2021 жылдан бері Ұлан ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.