17 қаңтарда Өскеменнің Сол жағалау кешенінде №19, №37 мектептің арнайы сыныптарында және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы ұйымдарда оқитын балаларға арналған ойын-сауық және мерекелік іс-шара өтті. Ескі Жаңа жылға орайластырылған бұл іс-шара Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және білім, мәдениет басқармасының бастамасымен екінші рет өткізіліп отыр. Бұл туралы облыстық Білім басқармасына сілтеме жасап Педагог – KZ хабарлайды.
Бұл күні балаларға Шығыс Қазақстан драма және оперетта театрының актерлерінен қызықты бағдарлама-театр қойылымдары, ойындар мен конкурстар, музыкалық нөмірлер дайындалды. Мұның бәрі мерекені қуанышпен, көңілділікпен және жағымды эмоциялармен толтырды. Балалар үлкен қуанышпен флешмоб билеп, өлең айтып, ән шырқады. Іс-шара тәтті сыйлықтар таратумен аяқталды, бұл әрбір қатысушы үшін жағымды тосын сый болды.
Ұйымдастырушылар мерекенің әр сәтінің жайлы өтуін және кішкентай қонақтардың ерекшеліктерінде ескерді, бұл жаңа жылдық ғажайыптарға деген шабыт,бақыт мен сенім әкелетініне көз жеткізді,-делінген хабарламада.