Сайт бойынша іздеу

Қазақстанда алғаш рет қамқоршылық органдарының штат санының нормативі заңнамалық түрде бекітіледі

Бөлісу:
ccXfjIeuNX.jpg

Бүгін Сенатта білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң мақұлданды, оның шеңберінде Қазақстанда алғаш рет 5 мың балаға шаққанда кемінде бір маман есебінен қорғаншы және қамқоршы органдардың штат санының нормативі заңнамалық түрде бекітіледі деп хабарлайды Педагог-KZ Балалардың құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл шешім балалардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа стандарт қамқоршылық жүйесіндегі көмекке қолжетімділікті жақсартады және халықаралық стандарттарға сәйкес органдар жұмысының тиімділігін арттырады.



«Бұл норма көптеген елдерде теңдесі жоқ бірегей қазақстандық тәжірибе болып табылады. Енді қамқорлық органдарының әрбір маманы қажетті қолдауды қамтамасыз ете отырып, балалармен және олардың отбасыларымен жақын жұмыс істей алады» - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.



Сонымен қатар, жыл бойы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және депутаттық корпуспен бірлесіп қамқоршылық және қорғаншылық органдары мамандарының штат санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілді. Бүгінде аудандық білім бөлімдерінің қамқоршылық органдары қызметкерлерінің саны 303-тен 692 бірлікке дейін артты.

Қазіргі таңда Министрлік қорғаншылық органдарының қызметін тиімді ұйымдастыру үшін әдістемелік ұсынымдар жасау бойынша жұмыс жүргізуде.