Сайт бойынша іздеу

Алматыдағы әйгілі Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Бөлісу:
UGiGNN1HRX.jpg

Бүгін жаңа ғимараттың алғашқы іргетесы қаланды. Бұл туралы Егемен Қазақстан газетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Оған Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев және педагогтар қатысты.

Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернат 1957 жылы шалғай ауыл балаларына арналған республикалық деңгейдегі мектеп-интернат болып ашылып, кейін 1988 жылға дейін Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеулер институтының эксперименттік базасы ретінде жұмыс істеді.

1988 жылы Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат ретінде өз жұмысын одан әрі жалғастырды.

2003 жылы "Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат" деген атауға ие болып, оған Үкімет қаулысымен 2006 жылы Абайдың есімі берілді.