Сайт бойынша іздеу

Біліктілік санатының қолданылу мерзімі биыл қыркүйек-желтоқсанда аяқталатын педагогтар назарына!

Бөлісу:
nZsyTSK2ig.jpg

Біліктілік санатының қолданылу мерзімі биыл қыркүйек-желтоқсан аралығында аяқталатын педагогтардың келесі аттестаттау мерзімі белгілі болды.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап Педагог-KZ хабарлайды.

Министрліктің 2024 ж. 5 қарашадағы бұйрығына сәйкес  аталған педагогтардың келесі аттестатату кезеңі 2025 жылдың қаңтар - 1 қыркүйегі аралығындағы мерзім болып белгіленді.

Бұйрықта сондай-ақ, білім беру ұйымдарына аталған педагогтар бойынша тиісті шаралар қабылдауды және біліктілік санаты үшін белгіленген мерзімге дейін  қосымша ақы төлеуді қамтамасыз ету туралы айтылған.