Сайт бойынша іздеу

2027 жылға дейін Қазақстанда 180 жаңа ауыл мектебі салынады

Бөлісу:
7IuSbzgZPn.jpeg

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылдық мектептерді дамыту мәселелері қаралды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім сапасын арттыру, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және педагогтарды тарту шаралары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев ауылдық мектептерді қолдау және жабдықтау мәселелері бойынша баяндама жасады. Бірқатар өңір әкімдерінің есебі тыңдалды деп хабарлайды Педагог-KZ ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.