Оқу-ағарту министрлігінің сайтында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына әңгімелесуді өткізу кестесі жарияланды, деп хабарлайды Педагог-KZ.
Әңгімелесу кезеңіне 3 үміткер жіберілген. Олардың қатарында «Дарын» орталығы директорының қазіргі орынбасары Тимур Владимирович Давлет, Алматы «Дарын» орталығының директоры Гүлнұр Нұрланқызы Кәрімғажы және Нұрлан Мұғиынұлы Жұмагелді бар.
Аталған үміткерлермен әңгімелесу 10 сәуір күні сағат 11:00-де министрлік ғимаратында өтеді,- делінген ақпаратта.