Ең көп өтініш Жамбыл облысының педагогтарынан түскен.
Өңірлік кезеңде Жамбыл облысынан 521 педагог өтініш тапсырса, Шымкент пен Түркістан облысынан 607 педагог, Ақтөбе мен Ақмола облысынан 350 ден астам мұғалім өтініш жолдаған.
Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарына арналған жыл сайынғы республикалық бейнесабақтар мен бейнеәдістер конкурсы 2018 жылдан бері өткізіледі.
Өңірден үздік шыққан педагогтар биыл 10 -20 қараша аралығында өтетін республикалық кезеңде өзара мықтыны анықтайды. Олардың жұмыстары «Өрлеу» білім беру арнасына жүктеледі.