Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде белгілі ғалым-лингвист, филология ғылымдарының докторы, профессор Валентина Ивановна Жұмағұлованың 70 жылдық мерейтойы аталып өтті,-деп хабарлайды Педагог-KZ ЖОО Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріне арналған «Быть педагогом и ученым – искусство отдавать» атты салтанатты жиынға белгілі мемлекеттік қайраткерлер, ғалымдар мен академиялық қауым өкілдері қатысты.
Салтанатты шара аясында профессор Валентина Ивановнаның ғылыми жұмыстарының көрмесі ұсынылады. Онда ғалымның оқу тәжірибесінде қолданылып, болашақ мұғалімдерді жаңа біліммен байытатын ғылыми-зерттеу идеялары баяндалған. Сондай-ақ ғалымның ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған кітаптың тұсаукесері өтті. Кітаптың лентасын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесі Төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова, Жоғары оқу орындары қауымдастығының Президенті, академик Алшанов Рахман Алшанұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Уәлихан Қалижанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Динар Нөкетаева қиды.
ақпарат: