Сайт бойынша іздеу

Қытайда да мұғалімдерді артық жұмысқа жегуге тыйым салынды

Бөлісу:
yz92g4aa2E.jpg
Фото ашық көзден

Қытайдың Білім министрлігі бастауыш және орта мектептердегі оқу үдерісіне қатысы жоқ жүктемені азайтуға бағытталған жаңа шараларды жариялады, – деп хабарлайды Педагог-KZ.

Құжатқа сәйкес, мұғалімдер мен оқушыларды білім беруге қатысы жоқ іс-шараларға қатысуға мәжбүрлеуге тыйым салынады, сондай-ақ мектеп қызметіне әкімшілік тұрғыдан араласу шектеледі.

Мемлекеттік мерекелер, демалыс және мектеп каникулдары кезінде мұғалімдер кампус аумағында жұмыс істемейтін болды.

Айта кету керек, Қазақстан педагог мәртебесі туралы арнайы заң қабылдаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Бұл заң 2019 жылы қабылданған, педагогтардың құқықтарына қатысты нормалар заң жүзінде белгіленді. Бұдан бөлек, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен ұстазадардың мәртебесін одан әрі арттыруға бағытталған жаңа заңнамалық жұмыстар басталды.