Сайт бойынша іздеу

Зейнет жасындағы педагогтармен еңбек шарты екі-ақ рет ұзартылады

Бөлісу:
bMYOGp0Z3Q.png
Фото ИИ

Мектеп директорлары зейнет жасындағы педагогтармен еңбек шартын екі рет қана ұзарта алады. Бұл туралы Informburo.kz сайтына сілтеме жасап, Педагог-KZ хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігінің редакцияға берген жауабында білім беру мекемелері кадр саясатын дербес жүргізетіні айтылған.

Еңбек кодексінің 30 бабының 5 тармағына сай жоғары кәсіби және біліктілік санаты бар зейнет жасына жеткен қызметкермен еңбек шарты оның жұмыс қабілеттілігіне байланысты нақты белгіленген мерзімге екі реттен көп емес жағдайда ұзартылады, делінген жауапта.

Айта кету керек, бұған дейін Педагог-KZ хабарлағандай мектептерде зейнет жасындағы 7,5 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді.

Министрлік мәліметінше, қазір мұғалім тапшылығы жоқ. Соңғы бес жылда педагогикалық жоғары оқу орындары жылына 50 мыңға жуық, колледждер 20 мыңдай маман дайындайды.

Ескерту! Ақпараттың дереккөзі informburo.kz материалдың бастапқы нұсқасына Оқу-ағарту министрлігінің ресми сауалға берген жауабының өзгеруіне байланысты түзетулер енгізді.