Сайт бойынша іздеу

«Үздік педагог-2025»: Астанадан республикалық кезеңге 11 ұстаз өтті

Бөлісу:
4oKQKjbumS.jpg
Фото архив

Астанада «Үздік педагог-2025» республикалық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Педагог-KZ хабарлайды.

 Айта кету керек, дәстүрлі республикалық байқаудың былтырғы қорытындысы бойынша Астана қаласының 5 ұстазы «Үздік педагог» атанған еді, биыл ақтық сынға 11 ұстаз шықты. 

ІІ кезең қорытындысы бойынша «Үздік педагог 2025» республикалық байқауының жеңімпаздары болып мына педагогтер анықталды:

 • Астана қаласы әкімдігінің «№ 71 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК математика пәнінің мұғалімі Жүніс Октябрина;

 • Астана қаласының «Дінмұхамед Қонаев атындағы № 66 мектеп-лицейі» ШЖҚ КММ математика пәнінің мұғалімі Қайрат Батырбек;

 • Астана қаласындағы «Шерхан Мұртаза атындағы № 63 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бакина Бигожина;

 • Астана қаласындағы «М.Мақатаев атындағы № 74 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК тарих пәнінің мұғалімі Рағдагүл Рахымжан;

 • Астана қаласы әкімдігінің «Жоғарғы транспорт және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК арнайы пәндер оқытушысы Дина Айкимбаева;

 • Астана қаласы әкімдігінің «Б. Момышұлы атындағы № 53 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аяужан Турекенова;

 • Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды ер балаларға арналған „Білім-инновация“ лицей-интернаты» КММ физика пәні мұғалімі Нурбек Имаков;

 • Астана қаласы әкімдігінің «№ 97 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК бастауыш сынып мұғалімі Айжан Нурғазина;

 • Астана қаласы әкімдігінің «№ 93 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК химия пәні мұғалімі Гүлмира Оспанова;

 • Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды ұл балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ химия пәні мұғалімі Құралай Жанасова.