Сайт бойынша іздеу

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы тағайындалды

Бөлісу:
tcnxx10GMp.jpg

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Жарасова Гүлжан Сағидуллақызы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Педагог-KZ Үкіметтің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

1973 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

1996–2015 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушысы, зерттеушісі, бөлім бастығы, департамент директоры, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2015–2016 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті директорының орынбасары.

2016–2019 жылдары – Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің проректоры, ректордың м.а.

2020 жыл – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы директорының орынбасары.

2020–2021 жылдары – Павлодар педагогикалық университетінің Педагогикалық зерттеулер орталығының директоры.

2021–2022 жылдары – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.

2005–2007 жылдары – «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ проректоры-басқарма мүшесі.

2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҒЖБ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.