Шымкент қаласының білім басқармасына жаңа басшы болып Гүлнәз Төреәліқызы Сүлейменова тағайындалды. Бұл туралы Оқу-ағарату министрлігінің комитеті төрағасы Ернұр Дәуенов жазды.
Гүлнәз Төреәліқызы – білім беру саласындағы тәжірибелі маман. Еңбек жолын Ақтөбе облысында мектеп мұғалімі болып бастаған. Кейін облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілді.
Сонымен қатар, Ақтөбе, Атырау облыстары және Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінде басшылық қызметтерді атқарды. Ал соңғы жылдары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары болды.