Сайт бойынша іздеу

100-ден астам жас педагог жұмысқа конкурссыз қабылданды

Бөлісу:
Iwd2j7qWub.jpg
Фото: Білім басқармасы

Жамбыл облысында 105 педагог конкурссыз жұмысқа қабылданды, деп хабарлайды Педагог-KZ аймақтың білім басқармасына сілтеме жасап.

Конкурстық рәсімдерден өтпей жұмысқа қабылданған педагогтер – GPA 3,33-тен жоғары нәтиже көрсеткен мамандар.

Білім басқармасы GPA 3,33 баллдан жоғары нәтиже көрсетіп, конкурстық рәсімдерден өтпей жұмысқа қабылданған жас педагогтерге арналған облыстық диалогтік алаң ұйымдастырды.

Оның басты мақсаты – білім беру ұйымдарына конкурссыз қабылданған жас мамандардың кәсіби бейімделуіне қолдау көрсету, олардың жауапкершілік деңгейін арттыру және білім беру жүйесіндегі рөлін айқындау. Сонымен қатар, жас педагогтерге сенім білдіру арқылы олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау, әдістемелік қолдау көрсету және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

Іс-шара барысында жас мамандардың білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі, олардың құқықтары мен кәсіби міндеттері, кәсіби бейімделу кезеңіндегі қолдау тетіктері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, педагогтердің ұсыныстары тыңдалып, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Алаңның маңызды бөліктерінің бірі – қатысушылардың кері байланыс сессиясы болды. Онда жас педагогтер өз ойларын ортаға салып, кәсіби дамуға қатысты нақты ұсыныстарын білдірді.