Сайт бойынша іздеу

5 сағат алып, сабақ берді деп айыпталған мектеп директоры сотта жеңіп шықты

Бөлісу:
L7mqtR9xiP.jpg

Қостанайда аудандық Білім бөлімі мектеп директорларының бірін апатсына 5 сағат алып, тарих пәнінен сабақ берді, нәтижесінде 400 мың теңге артық төлем жасалған деп айыптаған. Айыптап қана қоймай, бұл қаржыны негізсіз табыс тапты деп қалалық сотқа жүгінген.

Сот анықтағанда, 2022 жылы ер азамат мектеп директоры болып тағайындалған. Мұғалім жетіспегендіктен еңбек шартына сәйкес сағат алған. Сабақтарды іс жүзінде өткізген, құжаттарды толтырған және мұғалім ретіндегі қызметін мінсіз атқараған. Ал Білім бөлімі сабақ беру тиісті дұрыс өткізілмеді деген айыбына дәлел келтіре алмаған.

Осылайша сот Білім бөлімінің арыз-талабын қанағаттандырмаған және мектеп директорының сабақ беруден тапқан айлық ақысы заңда деген қаулы шығарған.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.