1 қазан - Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні болып Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен кәсіби мерекелердің тізбесіне енді.
Атаулы күн оқытушылардың, университет қызметкерлерінің, сондай-ақ ғалымдардың білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі мен елімізге білікті мамандар даярлаған еңбегін құрметтеу мақсатында аталып өтеді.
Бүгінде елімізде 120 -дан астам жоғары оқу орнында 40 мыңға жуық профессор-оқытушы қызмет етеді. Олардың 46% астамында ғылыми дәреже бар.
Педагог-KZ порталы барша жоғары білім саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтайды!