Сайт бойынша іздеу

Мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі

Бөлісу:
K6Z9ZQEvgt.jpg
Фото: ашық көзден

Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап Педагог-KZ хабарлайды.

Аймаққа жұмыс сапары аясында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтермен кездесу өткізіп, олардың сауалдарына жауап берген.

Кездесу барысында министр білім беру саласындағы алдағы өзгерістер туралы ақпарат берді.

Министрдің айтуынша, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің оқу сағаттары мен мазмұны қайта қаралып, бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізіледі.

Сондай-ақ білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында 5–7 сыныптарға «Конституция негіздері», 8–9 сыныптарға «Заң және тәртіп» пәндерін енгізу, ал 10–11 сыныптарда «Құқық негіздерін» міндетті түрде оқыту жоспарланып отыр.

Оқушылардың білім деңгейін жан-жақты бағалау және функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі. Бұл өзгерістер оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға және ойлау қабілетін жетілдіруге бағытталған, – делінген ақпаратта.