Сайт бойынша іздеу

Ы.Алтынсарин атындағы академия президенті лауазымына конкурс жарияланды

Бөлісу:
fycHiXTkcL.jpg

АСТАНА, 26 сәуір 2025 ж. – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының президенті бос лауазымына конкурс жариялады,- деп хабарлайды Педагог-KZ министрлікке сілтеме жасап. 

Айта кету керек, академияның негізгі қызметі – еліміздің білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік және әдіснамалық тұрғыда қамтамасыз ету. Академия аясында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары әзірленеді.

   Академия президенттігіне кандидаттыққа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы, салада басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы секілді талаптар қойылады.

18 жасқа толмағандар, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандар, соттылығы өтелмеген немесе алынбаған азаматтар және Қазақстан заңнамасына сәйкес басқа да шектеулерге ілінетіндер конкурсқа қатыса алмайды.

Құжаттар 2025 жылдың 26 сәуірі мен 9 мамыры аралығында   www.e-qazyna.kz және https://talapker.e-qazyna.kz веб-порталдары арқылы қабылданады, байланыс телефондары - Академия — 8 (7172) 72-59-73, Министрлік — 8 (7172) 74-18-74,- делінген министрлік ақпаратында.

 Айта кету керек, жүз жылдық тарихы бар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті жуырда ғана қызметінен кеткен болатын.