Халықаралық оқыту курсы 24 қарашасы мен 30 қараша аралығында өтеді. Ол Курс «Мұғалімдердің болашақтағы және заманауи білім беру сапасын арттыру» деп аталады. Бұл туралы облыстық Білім басқармасына сілтеме жасап pedagog-kz.kz хабарлайды.
Курстың алғашқы күні педагогтар Куала-Лумпурдағы «Musium Negara Kuala Lumpur» тарихи мұражайына барып, ел тарихымен, мәдениетімен танысқан.
Мұражайда ежелгі тас дәуірінің бұйымдары, малай халқының ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттар, монарх тағы және т.б. құнды жәдігерлер қойылған.
Күннің екінші жартысында педагогтар Куала-Лумпур қаласының көрікті орындарына саяхат жасады. 88 қабаттан тұратын, биіктігі 451 метр әлемге әйгілі «Петронас» қос мұнарасына барып, сәулет өнерінің жетістіктерімен танысты. Мұнарада орналасқан окенариум педагогтер үшін ерекше әсер қалдырды,-делінген облыстық Білім басқармасы таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар, Түркістан облысы педагогтары «Taman botani perdana» ботаникалық бағына барып, сан түрлі өсімдіктер әлемінің ғажайыптарына куә болған.
Аталған курс Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ 2024-2025 жылдарға арналған «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында Түркістан облысында іске асырылатын Жол картасына сәйкес «Daryn teacher» ЖШС-мен бірлесе отырып ұйымастырылған.
Курс үш кезең бойынша ұйымдастырылды. Бірінші кезең онлайн форматта өтті. Нәтижесінде үздік деп танылғандар Алматы қаласында іріктелді. Соңында екі кезеңнен іріктелген педагогтеріміз Малайзия және Сингапурға аттанған.