Сайт бойынша іздеу

Моңғолиялық мұғалімдерге «Өрлеу» орталығының сертификаттары табысталды

Бөлісу:
73FLzbyNAw.jpg
Фото: «Отандастар» қоры

«Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында қазақ тілінде сабақ беретін 112 педагог Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының арнайы сертификатын алды, - деп хабарлайды Педагог-KZ  «Отандастар» қорына сілтеме жасап.

Бір аптаға созылған оқу бағдарламасы пән мен тілді кіріктіре оқыту (CLIL) тәсілін, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістерін, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалануды қамтыған.

  Бүгін тараптар бірлескен жұмысты қорытындылау үшін бейнебайланыс арқылы бас қосып, жобаның стратегиялық маңызын өтап өтті.

  «Кездесуде Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова шетелдегі қазақ диаспорасы арасында қазақ тілі, әдебиеті және мәдениетін ілгерілетудегі бұл жобаның маңызына ерекше тоқталды. Ал Баян-Өлгий аймағының Білім басқармасының басшысы Ням Очир өз сөзінде бірлескен жұмыстың жоғары әлеуетіне тоқталып, педагогтерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ ол жасанды интеллектті білім беру саласына енгізу бойынша қазақстандық тәжірибемен бөліскен тренерлерге алғыс білдірді» ,- делінген ақпаратта.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – шетелде қазақ тілінде білім беретін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және әдістемелік қолдау көрсету.