Өтінімдер Орта білім беру ұйымдары басшыларының қазіргі уақыттағы орынбасарларынан қабылданады,деп хабарлайды Педагог-KZ
«Ағымдағы жылы Жобаға қатысуға өтінім беру және кандидаттарды іріктеу өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Кандидаттың өз кандидатурасын беру үшін өңір мен ауданды таңдау мүмкіндігі бар және республикалық кадр резервіне енгізілген жағдайда таңдалған өңірге тағайындауға келісім береді»,-делінген министрлік мәліметінде.
Біліктілік сипаттамалары бойынша өтінім беру және іріктеу кезеңі 2025 жылдың 10 ақпанынан 11 наурызға дейін қолжетімді.
Жобаға қатысуға өтінімді келесі сілтеме бойынша беруге болады: https://beyim.edu.kz/reserve.