Сайт бойынша іздеу

Педагогтерді аттестаттау қағидалары қайта қаралады - министр

Бөлісу:
vgzD828NMx.jpg
фото: https://t.me/oqu_agartu

Педагогтерді аттестаттау қағидалары қайта қаралады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді,-деп хабарлайды Педагог-KZ.

«Министрлік педагогикалық қауымдастықтың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, ұстаздарды аттестаттау қағидаларын қайта қарау мәселесін пысықтауда. Оның ішінде ұстаздардың авторлық бағдарлама әзірлеуіне қатысты мәселе бүгінде өзекті болып отыр», - деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.

Астанада Орталық атқарушы органдар және  ауыл әкімдерінің диалогы сессиясы аясында өткен жиында министр сондай-ақ шағын жинақты мектептерді қолдау шаралары күшейтілетінін атап өтті.

Атап айтсақ, ауылдық елді мекендердегі білімнің сапасын жақсарту мен оқу үдерісінің тиімділігін арттыру үшін  нақты шаралар қабылданып, педагог мамандарды тарту, оларға қолдау көрсету бағытында бірқатар бастама жүзеге аспақ.