Оңтүстік Корея билігі сабақ үстінде смартфон мен телефон пайдалануға тиым салатын Заң қабылдады, деп хабарлайды Педагог-KZ inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Келесі оқу жылы күшіне енетін заңды қабылдауға Корея билігінің екі бірдей партиясы күш біріктіріп, атсалысқан. Себебі көптеген зерттеулер смартфон мен телефонды пайдаланудың салдары оқушыларға кері әсер ететінін анықтаған.
Салдардың себебі де қарапайым. Заң шығарушылар мен мұғалімдер және оқушылардың ата-ана лары смартфонды пайдалану оқушылардың уақытты бос өткізуіне, сәйкесінше оқу үлгеріміне кері әсер ететінін айтқан.
⠀Бұл бастамаға қарсы шыққандар да бар. Олардың уәжі телефон мен смартфонды тек мектеп қабырғасында шектеу қаншалықты нәтиже береді, мәселенің тамыры одан да терең дегенді алға тартқан.
Дегенмен, заңға Оңтүстік Корея Парламентіндегі 163 депутаттың 115-і қолдап дауыс берген.
⠀Айта кету керек, Оңтүстік Кореяның көптеген мектептері қазірдің өзінде смартфонға шектеу қойған, және Корея мұндай қадамға барған алғашқы мемлекет емес. ⠀
⠀Финляндия, Франция секілді кейбір мемлекеттер смартфонды бастауыш сыныптарда ғана шектеген. Ал Италия, Нидерланды, Қытай секілді елдер барлық мектептерде смартфонды пайдалануға толық тиым салған.
⠀