Ауыл мектептерінің педагогтері Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевпен кездесті. Бұл туралы Ұлытау облыстық Білім басқармасының instagram парақшасына сілтеме жасап Педагог - KZ хабарлайды
«Ауыл мектебі – сапа алаңы» деп аталатын шарада бірқатар педагог марапатталды. Жиынға Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев та қатысты. Алайда облыстық Білім басқармасы кездесуде қандай мәселе талқыланғандығы туралы толық ақпарат жазбаған.
Ал Басқарманың ресми сайтындағы соңғы ақпарат осыдан жарты жыл бұрын жарияланған. Фейсбукт желісіндегі соңғы пост та мамыр айында жарияланған.