Сайт бойынша іздеу

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы жеңімпаздарының тізімі жарияланды

Бөлісу:
zudABrJuPG.jpg

47 педагог «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Педагог-KZ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына сілтеме жасап. 

Жеңімпаздар оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, цифрлық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық және мәдениетаралық сауаттылық секілді 7 бағыт бойынша анықталды.

  Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 20 желтоқсан күні Астана қаласында өтеді. Байқаудың жүлделі орындары салтанатты шара барысында жарияланады.

  Айта кету керек, Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сай, «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауына биыл рекордтық 16 мыңнан аса өтінім түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп.