Сайт бойынша іздеу

Президент бір топ ұстазды мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бөлісу:
oPWwbSMDEL.jpg

Мемлекет басшысы педагогтардың кәсіби мерекесіне орай өткен салтанатты жиында ұстаздарды мемлекеттік наградалармен марапаттады,- деп хабарлайды Педагог-KZ Ақордаға сілтеме жасап. 

Мектеп мұғалімдерімен қатар мемлекет басшысының қолынан колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандар да марапат алды.

«Парасат» ордені иегерлері:

·        Жаңбыршиева Ұлжан – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті

·        Мұсайбеков Рашид Қабдулқалиұлы – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің сеньор-лекторы

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы:

·        Әбдірайымова Гүлнар Фазылкәрімқызы – Astana Polytechnic жоғары колледжінің оқытушысы

·        Ванов Қуантқан Рзаұлы – еңбек ардагері, Маңғыстау облысы

·        Губаева Мүгілсін Мәулетқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы

·        Жәмішева Сәуле Абрашқызы – Республикалық физика-математика мектебінің әдіскері, Алматы қаласы

·        Райымбекова Ұлжан Кеттешқызы – №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының мұғалімі, Түркістан облысы

·        Серекеева Күміскүл Дүйсенқызы – №15 мектеп-лицейінің мұғалімі, Қызылорда қаласы

·        Талқанбаев Мұхтар Дәулетұлы – «Дарын» лицей-интернатының мұғалімі, Жамбыл облысы

·        Темірболатова Әлия Есқалиқызы – Ж. Жабаев атындағы №161 лицейдің мұғалімі, Алматы қаласы

·        Шералхан Гүлмира – Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының мұғалімі, Шымкент қаласы

«Құрмет» орденімен марапатталғандар:

·        Мергенбаева Назигүл Оразбайқызы – №206 мектеп-гимназиясының мұғалімі, Алматы қаласы

·        Оспанова Айман Қадырқызы – Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының мұғалімі, Алматы қаласы

·        Тазабекова Рахат Қасымқызы – еңбек ардагері, Алматы облысы

·        Таңатқанова Нағима Жақыпқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы

·        Төлепова Ләззат Жайшылыққызы – облыстық арнаулы мектеп-интернатының директоры, Атырау облысы

·        Хамзина Шынар Ғабдісаматқызы – облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеші-анасы, Батыс Қазақстан облысы

«Ерен еңбегі үшін» медалі берілгендер:

·        Әлиева Сәлима Темірболатқызы – №35 мектеп-лицейдің мұғалімі, БҚО

·        Базарбаева Сәруар Оразқызы – Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің оқытушысы, СҚО

·        Жалпақов Талғат Теміржанұлы – Ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы, Павлодар облысы

·        Жұмағалиева Шырын Рахымбайқызы – К. Ушинский атындағы №7 мектептің мұғалімі, Талдықорған қаласы

·        Забиякина Оксана Сергеевна – Н. Смағұлов атындағы мектеп-лицейдің мұғалімі, Ақмола облысы

·        Құдайбергенова Татьяна Сергеевна – «Әділет» жеке меншік балабақша-мектеп кешенінің мұғалімі, Қарағанды облысы

·        Қыдырпатшаева Күлзира Орзанбайқызы – №8 гимназияның мұғалімі, Жезқазған қаласы

·        Омарбекова Айгүл Төлеутайқызы – Геологиялық барлау колледжінің оқытушысы, Абай облысы

·        Рахымбаева Жанар Дайырқажықызы – SOS Астана балалар ауылының тәрбиешісі

«Шапағат» медалі иегерлері:

·        Лукашевич Александр Аркадиевич – Urban School директоры, Астана қаласы

·        Шаңбаев Дархан Түгелбайұлы – Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы