Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Президент Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ қыз-келіншек мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Педагог-KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын табыстады.
Алматы қаласының №95 мектеп-лицейінің педагог-шебері Белоусова Татьяна Геннадьевна әлемнің ең үздік 50 мұғалімінің қатарына енді. Ол Global Teacher Prize 2026 беделді халықаралық байқауының ТОП-50 тізіміне кірді.
Сонымен қатар тәжірибелі педагог Жанна Левковичке «Құрмет» ордені, ал жас мұғалім Мария Суринаға «Шапағат» медалі табысталды.