«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының тізіміне тағы 403 педагогпен толығады. Осылайша, резервтегі жалпы педагогтар саны 986 адамға жетеді, деп хабарлайды Педагог-KZ.
22 қазан күні Астанада резервке енген педагогтарға тиісті сертификаттар табыстау рәсімі өтеді. Оқу-ағарту министрлігі өңірлік Білім басқармаларына резервистердің қатысуын қамтамасыз ету туралы хат жолдаған.
Резервке ең көп педагог Түркістан облысынан (55), Астана қаласынан (38) және Қызылорда облысынан (35) енген. Ең аз көрсеткіш Ұлытау (2) және Жетісу облыстарында (8).
Еске сала кетейік, «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы 2023 жылдан бері жүзеге асып келеді. Бірінші кезеңде 207 педагог, ал өткен жылы тағы 376 педагог резервке енді. Өткен жылғы резервистердің 128-і, яғни шамамен 34%-ы, әлі де басшылық лауазымдарға тағайындалмаған.