Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бұйрығымен педагогтар мен білім беру ұйымдары басшыларының ретингін жүргізудің әдістемесі бекітілді, деп хабарлайды Педагог-KZ.
Педагогтар мен білім беру ұйымдары басшыларының рейтингі оқу жылының қорытындысы бойынша «Ұстаз» платформа сы арқылы немесе қағаз түрінде жүргізіледі.
Рейтингті білім беру ұйымының басшысы ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегі мен 31 қазан ға дейінгі аралықта өткізеді.
Ал, білім беру ұйымдары басшыларының , яғни мектеп директорларының рейтингі білім беру басқармалары тарапынан 15 қарашадан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта өткізіледі.
Айта кету керек, бір бағаланатын кезеңнен аз уақыт жұмыс істеген педагогтар мен мектеп директорлары рейтингке қатыспайды.
Педагогтардың рейтингі келесі классификация бойынша түзіледі:
- Жоғары тиімді деңгей – айтарлықтай жеке жетістіктер көрсеткен және жоғары білім беру нәтижелерімен ерекшеленетін ұйымдар мен өңірлерде жұмыс істейтін педагогтар;
- Тиімді деңгей – жоғары жеке жетістіктер көрсеткен және жақсы нәтижелер көрсететін ұйымдарда мен өңірлерде жұмыс істейтін педагогтар;
- Дамушы деңгей – өсу әлеуеті бар және қанағаттанарлық нәтижелер көрсететін ұйымдар мен өңірлерде жұмыс істейтін педагогтар;
- Төмен даму динамикасы деңгейі – жеке нәтижелері төмен және әлсіз нәтижелер көрсететін ұйымдар мен өңірлерде жұмыс істейтін педагогтар.
Рейтинг «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесінен алынған деректер мен педагогтардың Платформаға енгізген материалдары, сондай-ақ түрлі дерекқорлардан жиналған және өңделген құжаттар (мәліметтер) негізінде жүргізіледі.
Бағаланып отырған тұлға Платформадағы жеке кабинеті арқылы деректердің толықтығы мен шынайылығын тексереді. Егер әртүрлі дерекқорлардан Платформаға жүктелетін деректер немесе құжаттар болмаған жағдайда, педагог ұсынған деректерді білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты тұлға қолмен енгізеді.
Алдын ала рейтинг нәтижелері түпкілікті қорытынды ресми жарияланардан кемінде 15 жұмыс күні бұрын бағаланушы тұлғаға , яғни педагогқа ұсынылады. Бұл деректердің дұрыстығын тексеру және растау үшін жасалады.
Әдістемеге сай педагогтардың рейтингін жасауда жеке және ұжымдық тиімділік ескеріледі.
Педагогтың жеке тиімділігі – педагогтың кәсіби нәтижелеріне берілетін жиынтық баға, оның пәндік білімі деңгейін, оқыту сапасын, кәсіби және ғылыми іс-шараларға қатысу белсенділігін, сондай-ақ білім алушылардың жетістіктеріне ықпалы көрсетіледі.
Ұжымдық тиімділік – педагогикалық ұжым жұмысының нәтижелілігін сипаттайтын көрсеткіш, ол білім беру ұйымы немесе өңірдің ұлттық және халықаралық білім сапасын бағалау жүйелеріндегі жетістіктерін қамтиды.
Оның ішінде жеке тиімділіктің көрсеткіштері педагог пен оның білім алушыларының/тәрбиеленушілерінің келесі көрсеткіштерін қамтиды:
- педагогтың пәндік білім деңгейі (ОЗП қорытындысы бойынша);
- Платформадағы «Оқыту сапасы» көрсеткіші бойынша орташа арифметикалық мән;
- Педагогтың республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына, орындаушылар байқауларына, кәсіби шеберлік байқауларына, спорттық жарыстарға қатысу тұрақтылығы мен нәтижелілігі, сондай-ақ біліктілікті арттыру, әдістемелік және зерттеу жұмыстары, тәжірибені жинақтау және тарату т б (бар болған жағдайда);
- Білім сапасына, оқу бағдарламасын меңгеру деңгейіне немесе мүмкіндігі шектеулі балалардың дағдыларының қалыптасуына ықпалы;
- білім алушылардың олимпиадаларға, конкурстарға немесе жарыстарға қатысу тұрақтылығы мен нәтижелілігі (арнайы білім беру ұйымдары педагогтарынан басқа).
Ұжымдық тиімділік көрсеткіштері білім беру ұйымы мен өңірдің жетістіктерін қамтиды:
- Ұйымның жетістіктері – ұлттық білім сапасын бағалау жүйелеріндегі нәтижелер (қосымша білім беру ұйымдарынан басқа):
- мектепке дейінгі және арнайы ұйымдар үшін – мемлекеттік аттестациядан өту нәтижелері;
- орта білім ұйымдары үшін – білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингі, ҰБТ, PISA, «Алтын белгі» иегерлері үлесі, мемлекеттік грант иегерлері үлесі, мемлекеттік аттестация нәтижелері;
- ТжКБ және колледждер үшін түлектердің ЖОО-ға грантқа түсу үлесі, жұмысқа орналасу немесе кәсіп бастау үлесі, мемлекеттік аттестация нәтижелері.
Мемлекеттік аттестациядан бірінші реттен өткен ұйымға – 1 балл, кейінгі реттерде – 0,5 балл беріледі.
Өңір жетістіктері – PISA және әлеуметтік зерттеулер нәтижелері (бар болған жағдайда)
Білім беру ұйымдары басшыларының рейтингін қалыптастыру әдістемесі жеке және ұжымдық тиімділік көрсеткіштеріне негізделеді.
Жеке тиімділік көрсеткіштері:
- пәндік білім деңгейі (ОЗП нәтижелері бойынша);
- ел ішінде және шетелде серіктес ұйымдар саны;
- қосымша біліммен қамтылған білім алушылар үлесі;
- әдістемелік және зерттеу жұмыстарына қатысу тұрақтылығы мен нәтижелілігі;
- демеушілік қаражат тарту көлемі.
Ұжымдық тиімділік көрсеткіші педагогтардың біліктілік санаттары бойынша орташа қорытынды балдарының қосындысы.
Министирдің бұйрығы 16 қыркүйектен бастап күшіне енеді.