Сайт бойынша іздеу

TikTok пен министрлік педагогтерге арналған байқау жариялады

Бөлісу:
x8t2tZdSws.jpg

TikTok платформасы мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп #ҚазақстанМұғалімдері атты байқау жариялады,-деп хабарлайды Педагог-KZ.

Төртінші рет ұйымдастырылған жоба педагог мамандығын насихаттауға және мұғалімдер мен жоғары оқу орындары оқытушыларының цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған.

Байқау шарты бойынша 20 қазан мен 19 қараша аралығында еліміздің педагогтері #ҚазақстанМұғалімдері хэштегін қолдану арқылы өз пәні бойынша кемінде бір танымдық бейнеролик жариялауы керек.
 Байқау шарттары бойынша:
•    бейнеролигі 1 000 қаралымнан асқан қатысушылар өз профиліне арналған эксклюзивті рамка алады;
•    ал 5 000 қаралымнан жоғары жинаған авторлар үш iPhone 17 смартфонының біріне үміткер бола алады.