Сайт бойынша іздеу

Білім саласындағы үздік министр: Бейсембаев Аймағамбетовтен асып түсті

Бөлісу:
XX7j3qjlXL.jpg
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің телеграм-арнасынан

Қазақстандағы ең үздік білім министрі кім? QOGAM by SATZHANGRAM Telegram арнасы осындай сауалнама жүргізді,- деп хабарлайды Педагог-KZ аталған ресурсқа сілтеме жасап

23 мамыр күні жарияланған сауалнамаға бүгінге дейін 9 300 адам қатысқан. Сауалнамаға қатысқандардың 70%-ы үздік министр деп Ғани Бейсембаевты көрсеткен. Ал экс-министр Асхат Аймағамбетов қазіргі министрден 3 еседей аз дауыс жинаған (22%). Сауалнамаға қатысқан 9 мыңнан астам адамның 3%-ы ғана бір кездері министр болған Қырымбек Көшербаевқа дауыс берген. Қалған экс-министрлер 1 пайыз, кейбірі тіпті 0 пайыз дауыс жинаған.

Айта кету керек, бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың туған күні. Кеше Qogam_News YouTube арнасы министрмен болған сұхбатты жариялады.