Сайт бойынша іздеу

Оқулықтардың мазмұны конституциялық өзгерістерге сай жаңартылады

Бөлісу:
Ybu2fLHvg2.jpg
Фото: https://t.me/oqu_agartu

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты - деп хабарлайды Педагог-KZ.

«2026 жылы 3, 4, 7, 8, 9-сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылады. 2027 жылы 1 және 5-сынып оқулықтары жаңадан басылып шығады, ал 10–11-сынып оқулықтарының мазмұны қайта қаралады. 2028 жылы 2 және 6-сыныптарға арналған жаңа оқулықтар жарық көреді», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Премьер-министр өз сөзінде еліміз мүлдем жаңа кезеңге қадам басқанын атап өтіп, осыған байланысты оқулықтарды жаңарту өте маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, Олжас Бектенов оқулықтардың мазмұнына «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттары міндетті түрде енгізілуі тиіс екенін айтты.