Сайт бойынша іздеу

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астанада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ

Бөлісу:
GWTGTLXiOd.jpg

Бұл туралы Мемлекет басшысы Астана қаласын дамыту жөніндегі кеңесте айтты,- деп хабарлайды Педагог-KZ.

Президент мектеп тапшылығы еліміздегі аса өзекті мәселенің бірі екенін айтып, мектеп салу қарқыны бала санының өсу қарқынына ілесе алмай тұрғанын айтты.

Алдағы үш жылда мектептегі орын тапшылығы 400 мыңға дейін жетуі мүмкін. Соның ішінде елордада 28 мың оқушыға орын жетіспейді деген болжам бар. Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарында осындай жағдай қалыптасуы мүмкін, - деді Президент.  

Дегенмен соңғы 5 жылда бір миллионнан астам оқушыға арналған мыңға жуық мектеп пайдалануға берілген. Мысалы Астанада 75 мектеп салынып, қалада үш ауысыммен оқытатын мектеп мәселесі толық жойылған.

Мемлекет басшысының сөзінше «Келешек мектептерін» жобасы арқылы мектеп салу ісінде айтарлықтай тәжірибе жинақталған, енді бұл тәжірибені тиімді жағына қолдануға басымдық берілмек. 

Ауқымды жобадан гөрі қауіпсіз, сапалы құрылыс жұмыстарына кірісуіміз керек. Дегенмен оның бағасы қымбат болмауға тиіс. Бұл еліміздегі білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуда қалыпты жұмысқа айналуы керек», - деді Мемлекет басшысы.