Сайт бойынша іздеу

Оқу сыныптарында бақылау камералары болмауы тиіс - министр

Бөлісу:
TeuvJoayFI.jpeg

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамда қызу талқыланып жатқан мектептердегі бейнебақылау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Педагог-KZ. 

«Білім беру ортасы білім мен тәрбиенің, сенім мен ашық пікір алмасудың кеңістігі болуы тиіс. Сапалы білім және тәрбие сенімділік атмосферасында ғана мүмкін. Мектепте мұғалім де, оқушы да өздерін қауіпсіз және еркін сезінуі өзекті. Қауіпсіздік үшін камералар мектептің кіреберісінде, дәліздерде, ортақ аумақтарда болуы қажет. Оқу сыныптарының ішінде бақылау камералары болмауы тиіс деп санаймын,- деп жазды министр. 

Жұлдыз Сүлейменова сонымен бірге келесі жылы педагогтардың құқықтарын нығайту мақсатында заңнамалық жұмыстар жүзеге асатынын да атап өтті.  

Айта кету керек, жуырда Шымкент қаласының әкімі білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар аясында пилоттық режимде оқу кабинеттеріне бейнебақылау камераларын орнатып жатқанын хабарлаған болатын.