Өткен жылы Ақтөбе облысында цифрлық технологияларды пайдалана отырып, шағын жинақты мектептерді дамыту жобасы сынақтан өтті. Жобаны іске асыру барысында ауылдық жерлерде білім беру сапасы мен оқытудың тиімділігі айтарлықтай артқаны анықталды,- деп хабарлайды Педагог-KZ ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
«Оқу процесінде цифрлық шешімдер, соның ішінде тірек мектептер оқытушылары озық технологияларды тиімді пайдалануды, оқушыға оңай жеткізуді жүзеге асырды. Жобаны іске асыру нәтижесінде мектептер онлайн-оқытуға арналған 155 жаңартылған цифрлық кабинеттер мен зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған ғылым кабинеттерін алды. Сондай-ақ, 1000-нан астам педагог білім беру бағдарламалары бойынша оқудан өтті. Оқу жетістіктері мониторингінің нәтижелері оқушылардың барлық пәндер бойынша үлгерімінде оң динамиканы көрсетті», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Әлия Чокушева.