Сайт бойынша іздеу

Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

Бөлісу:
3YH3NWrbNh.jpg
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап, Педагог-KZ хабарлайды.

Жұлдыз  Сүлейменова 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты қызметін атқарды.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің түлегі, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD.

Алматы Экономика және статистика академиясы мен Ақтөбе институтында оқытушы болып еңбек жолын бастаған.

Кейін «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалының консультанты, «Жас Отан» Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары, Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназияның тарих және құқық пәні мұғалімі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің жетекші маманы, проректордың орынбасары болды.

Сондай-ақ, Халықаралық Бизнес Академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми хатшысы, Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің аға менеджері, директордың орынбасары, директоры, Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қызметтерін атқарған.