Starlink интернеттің жылдамдығын 3 есеге арттыруға мүмкіндік берді. 73 мектепте интернетке қосу жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап Педагог-KZ хабарлайды.
2 мыңға жуық мектепке жерсеріктік интернет қосу жобасының жалпы құны 5 миллион АҚШ доллары көлемінде немесе әрбір Starlink станциясының бағасы 2,5 мың АҚШ доллары төңірегінде.
ҚР Цифрлық даму және аэроөнеркәсіп министрлігі Комитет төрағасы Ержан Мейрамовтың сөзінше әрбір станцияның абоненттік төлемі айына 140 мың теңге.