Сайт бойынша іздеу

Педагогтардың бір ставкасының орташа айлық ақысы 380 мың теңге

Бөлісу:
osRGl3cxdS.jpg
Фото архив және ашық көзден

Педагогтардың бір ставкасының орташа айлық ақысы шамамен 380 мың теңге. Алайда педагогтардың басым бөлігі бір жарым ставкада жұмыс істейтіндіктен, олардың орташа жалақысы 580 мың теңге шамасында. Бұл туралы 24 kz телеарнасына берген сұхбатында Оқу-ағарту министрлігі Бюджетті жоспарлау департаментінің басқарма басшысы  Гүлайым Тоқпанова айтты деп хабарлайды Педагог-KZ. 

Педагогтың жалақысы еліміздегі орташа айлық жалақы деңгейіне негізделіп, оның білім деңгейіне, біліктілік санатына, жұмысының өтіліне, атқаратын жұмысының көлеміне және еңбек жағдайларына байланысты үстемақылар мен қосымша төлемдердің бар-жоғына қарай есептеледі. Жас мамандар біліктілік санаты үшін тест тапсырып, оның нәтижесіне байланысты жалақы мөлшері анықталады,-деді басқарма басшысы.