Сайт бойынша іздеу

1000 көшбасшысы жобасы: Резервке кіргендердің 70%-ға жуығы қызметке тағайындалмаған

Бөлісу:
p3Kuwx3Hzh.jpg
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі ресурсынан

 «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында резервке 2024 жылы 376 адам кірген, оның тек 122 сі немесе 32 пайызы ғана қызметке орналасқан. Бұл туралы Педагогикалық шеберлік орталығына сілтеме жасап Педагог-KZ хабарлайды.

22 шілде, яғни бүгінгі мәлімет бойынша, жоба аясында 2024 жылы резервке кірген 376 педагогтың 101-і (26%) мектеп директоры болып тағайындалса, 21 (5,5%) резервист мектеп директорының орынбасары болып тағайындалған. Ал қалған 257 педагог, немесе 67 пайызы, қызметке орналаспаған.

Мысалы, Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкент қаласынан былтыр резервке кірген 90 педагогтің бірде бірі қызметке тұрмаған. Іріктеуден өткен көшбасшылардың қызметке орналастыруда әкімдер қызықпайтын, бұл мәселеде министр Ғани Бейсембаев та шарасыз екенін «Педагог-KZ» бұған дейін де жазған болатын.

Айта кету керек, «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы биыл да жалғасуда. Оған о баста жалпы саны 2324 педагог тіркелген, оның 432-сі ақтық айналым, яғни кәсіби деңгейге жолдама алды.

Ақтық сынға жолдама алған педагогтардың ең көбі Түркістан облысының (62), Астана қаласының (42) және Қызылорда облысының педагогтары (40 адам). Ал ең азы — Жетісу (9 адам) мен Ұлытау облыстары (2 адам).

Айта кету керек, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастыратын «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшы» жобасы аясында 2023 жылы 207 педагог, 2024 жылы 376 педагог резервке кірді.