Сайт бойынша іздеу

15 педагог АҚШ-та өткен халықаралық семинар-тағылымдамаға қатысты

Бөлісу:
H7rTD6wPe6.jpg

Ақмола облсының 15 педагогі 29 қараша мен 8 желтоқсан аралығында АҚШ-тың Миссури штатындағы  Сент-Луис қаласында өткен семинарға қатысты,-деп хабарлайды облыстық Білім басқармасына сілтеме жасап pedagog-kz.kz

  Тағылымдамалық шара «АҚШ-тағы инклюзивті білім беру: тарих, философия және үздік тәжірибелер» деп аталады.

Педагогтар АҚШ-тағы инклюзивті білім берудің негізгі принциптері мен тәсілдерімен танысып, инклюзивті тәсілдерді жүзеге асыратын бірнеше білім беру мекемелеріне барған. Қатысушылар сондай-ақ топтық жұмыс, ата-аналармен өзара әрекеттесу, баланың күшті жақтарына баса назар аудару, қолжетімді білім беру ортасын құруға ықпал ететін тәсілдер туралы әдістерді зерделеген.

Халықаралық семинар-тағылымдамаға қатысқан педагогтер кеше облыстың жалпы білім беретін мектептерінің директорлары мен балабақша меңгерушілері жиналған шарада бас қосып, тәжірибелерімен бөлісті.